RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында тағы бір жаңа білім ордасы ашылды

06.04.2026, 20:55 30

Семейдегі Шығыс кентінде салынған «Келешек мектебі» 300 балаға арналған. 

Заманауи үлгідегі жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли,  Парламент Мәжілісінің депутаттары, мектеп ұжымы және аудан тұрғындары қатысты. Жалпы білім ошағы облыс бойынша қолданысқа берілген бесінші «Келешек мектебі» болып отыр. 

Жаңа мектеп бүгінгі күннің білім беру талаптарына толық сай келеді. Мұнда барлығы 30 оқу кабинеті бар. Физика, химия, биология, информатика және робототехника пәндеріне арналған заманауи зертханалар толық жабдықталған. Оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін спорт және акт залдары қарастырылған.

Берік Уәли, Абай облысының әкімі:

- Семей қаласындағы Шығыс кентіндегі тұрғындар үшін, балалар үшін жайлы да жақсы мектеп болатынына күмән жоқ. Осы жерде оқыған балалар тек Семей қаласының емес, еліміздің мерейін асқақтатады деп ойлаймыз. 

Облыс басшысы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған білім ошақтары өңірдің білім саласына тың серпін беретінін атап өтті. Шығыс кентінде бой көтерген мектеп үшін ата-аналар да дән риза.

Шалқар Хамилаев, Шығыс кентінің тұрғыны:

- Келешекте осы мектепте оқып, білім алып, жақсы мамандық иелері шығуына тілектеспіз. Көркейе берсін қаламыз.

Мұхамедияр Рысбеков, оқушы:

- 53-ші мектептің іші өте жақсы екен. Спортзалы, кабинеттері өте әдем жақсы істелген. Электронды тақталары бар, бұл мектеп маған қатты ұнады.

Рүстем Қайратұлы, тілші:

- Мектеп жалпы оқыту бағдарламасы бойынша білім береді. Білім ордасында 16 білікті педагог қызмет атқарады. Жалпы Абай облысында 306 мектеп бар. Онда 100 мыңнан аса оқушы білім алады. Шығыс кентінде ашылған оқу ордасы өңірімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бесінші мектеп.

Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz