RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте математиктер конгресі өтіп жатыр

06.04.2026, 21:32 31

Математиканың ең күрделі салаларына жасанды интеллект алгоритмдері қолданыла бастады. Заманауи мүмкіндіктер сандық талдау мен ықтималдық теориясының нәтижелерін бағалауды жеңілдетті. 

Бұл туралы Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан математиктерінің бірінші конгресінде айтылды. Бес күнге жоспарланған ауқымды іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен IT саласының сарапшылары қатысып жатыр. Жиында конференциялар, пленарлық және секциялық отырыстар ұйымдастырылып, математика ғылымының мәселелері талқыланды. Сондай-ақ заманауи зерттеулер мен халықаралық тәжірибелердің нәтижесі туралы айтылады. 

Тынысбек Қалменов, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі:

- Қолданбалы математиканы дамыту арқылы ИИ-ді барлық жерде қолдану. Мысалы, тек қана ғылымда емес, өмірде, өндірісте қолдану бір бағыт. Екінші бағыт математиканың әлемдік дәрежеде қойылған мың жылдық проблемаларының жанындағы бір, екеуін шешсек біз әлемдегі ең алдыңғы қатарлы дәрежеде боламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz