Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері жасанды интеллект бойынша халықаралық деңгейде білім алады. Елде «AI Leaders 2026» білім беру бағдарламасы іске қосылды.
Жоба Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен Стэнфорд университетінің Жасанды интеллект зерттеу орталығы, OpenAI Academy және Silkroad Innovation Hub серіктестігі арқылы жүзеге асты. Сабақ кеше басталды. Оқу бағдарламасы 30 сағаттан астам уақытқа жоспарланып, үш кезеңге бөлінген. Курс қазақ, орыс және өзбек тілдерінде өтеді. Жобада отандық қатысушылардан бөлек, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия және Қатар елдерінің өкілдері бар. Айта кеткен жөн, былтыр елде 1 миллионға жуық азамат цифрлық сауаттылық бойынша білім алған.
Тегтер #AI Leaders 2026 #бағдарлама #ЖИPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz