RU
Толық нұсқаға өту

Кітап – алтын қазына

24.04.2026, 09:00 33

Ақтаулық мұғалімдер балалардың кітап оқуға ынтасын арттыру жолдарын талқылады.

Семинарға мектептер мен колледждердің кітапханашылары да қатысты. Білім саласының қызметкерлері өзара пікір алмасып,  оқушыға кітаптың тәрбиедегі ролін түсіндіру бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сұрақ-жауап түріндегі интеллектуалды ойында бақ сынап, көркем әдебиетті насихаттау бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Ең белсенді қатысушыларға облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы атынан естелік сыйлық берілді. 

Мәлік Дүмбаев, мұғалім:

- Енді қазір смартфон-гаджеттің заманы ғой. Балаларда кішкене зейін тұрақсыздығы бар деген секілді. Бастапқыда кітап оқыған кезде жиі қозғалатын болса, қазір балалардың зейіні тұрақталды. Әр сабақ сайын біз балаларға әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кітап оқуға қызықтырып, тартып жатырмыз. Жалпы оқытып жатқан кітаптарымыздың өзі балаларды өзіне тартып алады. Баурап алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz