Оның бір мың жеті жүзіне тегін қызмет көрсетіледі. Балғындарды аймақтағы 14 сауықтыру орталығы қабылдайды.
Қазір олар алдағы демалыс мауысымына қызу дайындық үстінде. Сауықтыру кешендерінде тек жергілікті оқушылар ғана емес, басқа қаладан келген балғындар тыныға алады.
Зерендідегі бұл демалыс орталығы осы маусымда екі мыңға жуық баланы қабылдайды. Оқушылардың алғашқы легі маусым айының басында келеді. Қазір сауықтыру кешенің мамандары демалыс орнын ретке келтіріп, балғындар үшін арнайы бағдарлама да әзірлеп қойған. Яғни демалыс кешенінде ойын-сауықтан бөлек, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатын түрлі ойын өткізіліп, сан алуан саяхат ұйымдастырылмақ.
Салтанат Әли, сауықтыру кешенінің директоры:
- Балалар лагерь де өзіндік көңілді уақыт өткізіп қана қоймай, білімге, сонымен қатар интелектуалды ойындарға және де қазіргі уақытта дамып жатқан жасанды интеллект бағдарламалары аясында өз білімдерін толықтырады. Негізі бұл жобалардың бәрін біз жазғы маусымда арнайы ашып отырмыз. Себебі балалар өздерінің жазғы демалыстарын өте көңілді өткізіп, бір жағынан қазіргі уақытта заманға сай, бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру – мақсатымыз.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биыл аймақта 1 мың жеті жүз баланы сауықтырумен тегін қамту жоспарланып отыр. Бұл мақсатта облыс қазынасынан 121 млн.теңге бөлінді. Ал қалған жолдамалар ақылы негізде ұсынылады. «Демалыс бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда еш өзгерген жоқ», - дейді жауаптылар.
Айгүл Магавина, облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы:
- Биыл жазғы лагерьлердегі бағдарламаға біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бағытты қосып отырмыз. Осы арқылы оқушыларды қоршаған ортамен таныстырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек, жасанды интеллект тақырыбында да түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Айталық, биылдан бастап балалар лагерлеріне талап күшейтілді. Енді сауықтыру кешендеріне бұрынғыдай бір жыл емес, бес жыл мерзімге лицензия беріледі. Жаңа өзгеріс 1 сәуірден бастап күшіне енді. Ал өңірдегі лагерлердің лицензиясын тексеру жұмыстары 1 мамырдан бастап басталады.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко
Тегтер #Ақмола #оқушы #жазғы лагерь #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz