RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Астана

Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста абсолютті чемпион атанды

27.04.2026, 16:36 33

Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында өткен UK First Lego League Championship халықаралық турнирінде Астаналық оқушылар  командасы жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды «24KZ». Олар «робот-ойын» санатында 1-орын алып, жарыстың абсолютті чемпионы атанды.

Байқауға Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Германия және Словакиядан 68 команда қатысып, бәсекелестік жоғары деңгейде өтті. Қазақстандық оқушылар KIS, НИШ, Физмат, Ardingly және Quantum STEM мектептерінің шәкірттерінен құралған.
Команда жаттықтырушылары – Гизат Маханов, Алишер Улханов және Айдана Сатилда. Оқушылар жарысқа Астанада өткен Central Asia First Championship турниріндегі жеңісінен кейін жолдама алған.

Жарыс барысында команда «artifacts.kz» атты Қазақстандағы археологиялық артефактілердің онлайн дерекқорын ұсынды. Жоба зерттеуден бастап толық техникалық іске асыруға дейінгі кезеңдерді қамтып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ол мәдени мұраны сақтау ісіне қосқан үлесі үшін ерекше аталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz