RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

28.04.2026, 11:06 32

Тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды «24KZ». Талапкерлерге тестілеуді екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі.

Биыл тестілеуге екі мүмкіндік есебімен 240 мыңға жуық талапкерден 446 мыңнан астам өтініш түсті (2025 жылы – шамамен 216 мың талапкер, 399 мың өтініш). Қатысушылардың 73%-ы қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде, 521 адам ағылшын тілінде тест тапсыруды таңдаған.

Ең көп таңдалған пәндер комбинациялары: «Математика–Физика» (17,9%), «Биология–Химия» (14,5%) және шығармашылық емтихан (12,4%).

Өтініштер app.testcenter.kz сайты және UTO.kz қосымшасы арқылы қабылданды. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдай алды.

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Тест 120 тапсырмадан тұрады: Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық – әрқайсысы 10, бейіндік пәндер – әрқайсысы 40 тапсырма. Ең жоғары балл – 140.

Тестілеу уақыты – 240 минут, ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге қосымша 40 минут беріледі. Емтихан барысында калькулятор, периодтық жүйе және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады.

Қауіпсіздік мақсатында тестілеу орталықтарында металл іздегіштер, бейнебақылау және сигналды бұғаттау құрылғылары қолданылады. Ережені бұзу анықталған жағдайда нәтижелер жойылады.

ҰБТ аяқталғаннан кейін бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексеріледі. Минималды шекті балдар өзгеріссіз қалды: ұлттық ЖОО – 65, басқа ЖОО – 50, «Педагогикалық ғылымдар» – 75, «Денсаулық сақтау» – 70, «Құқық» – 75 балл.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz