RU
Толық нұсқаға өту

Оқушылар арасында білім мониторингі өткізіледі

30.04.2026, 17:53 32

30 сәуірден бастап еліміздегі екі мыңға жуық мектептің 100 мыңнан астам 4-ші және 9-шы сынып оқушылары арасында білім мониторингі өткізіледі, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл мониторинг - оқушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған отандық зерттеу құралы. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, оқу-тәрбие процесіндегі жетілдіруді қажет ететін тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Мониторингтің түпкі нәтижесі - білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.

Мониторинг функционалдық сауаттылықтың оқу, математикалық және жаратылыстану бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі аясында білім беруге әсер ететін әртүрлі контекстік факторларды анықтау үшін сауалнама жүргізіледі. Оны оқушылар, педагогтер, мектеп басшылары және 4-сынып оқушыларының ата-аналары толтырады.

Зерттеу рәсімі стандартталған және халықаралық тәсілдерге сәйкес ұйымдастырылған. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың басында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі халықаралық RCEC сапа белгісін алды.
 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz