«Digital Keruen AI Hackathon» сайысына аудан-қалалардағы іріктеуде жеңімпаз атанған 10 команда қатысты.
Олар жасанды интеллекті арқылы әзірленген озық стартап жобаларын таныстырды. Әлеуметтік сала, жол, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты өзекті мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар ұстаздар қауымы, оқушылар мен студенттерге арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушыларға білім алу, жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейту және цифрлық мәдениетті қалыптастыру бағытында кеңес берілді.
Маржан Мүлкібаева, «Jetisu Digital» IT-хаб менеджері:
- Біздің мақсатымыз – мықты стартаперлерді, жанып тұрған адамдарды тауып, олардың стартаптарын жалғастыру оларға көмек көрсету, гугл, яндекс сияқты компанияларды Қазақстанда шығару, өзіміздің өндірісті дамыту.
Тегтер #Жетісу облысы #ІТинженер #жастарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz