RU
Толық нұсқаға өту
Альфия Аксенованың мұрағатынан

Қазақстандық оқушылар FIDE EDU Classroom 2026 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды

12.05.2026, 10:38 69

Батыс Қазақстан облысы, Хан Ордасы ауылындағы Жәңгір хан атындағы мектептің 1 «Б» сынып оқушылары Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE EDU) байқауында бірінші орынды иеленіп, отандық шахмат мектебінің халықаралық деңгейдегі биік беделін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Халықаралық сарапшылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген жүздеген өтінімнің ішінен қазақстандық оқушылардың жұмысын ең үздік әрі ең креативті деп таныды.

Жеңіске жетуге балалардың шахмат фигураларын өз қолдарымен илеп жасауы, ата-аналардың қолдауымен тігілген арнайы костюмдер мен сабақтың ертегі форматында өткізілуі негіз болды.

 Сынып жетекшісі Альфия Аксенованың жетекшілігімен өткен бұл ерекше сабақ шахматты тек спорт емес, үлкен өнер ретінде насихаттаудың озық үлгісін көрсетті. FIDE өкілдері атап өткендей, ойынға деген мұндай шынайы махаббат пен ұжымдық шығармашылық балаларды кез келген оқулықтан артық қанаттандырады. Бұл жетістік ауыл мектептеріндегі білім берудің жаңа белеске көтерілгенін және қазақстандық оқушылардың халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бөкей ордасы ауданының жас дарындары мен олардың ұстазы бүгінде бүкіл елдің мақтанышына айналып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz