RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстан оқушылары Халықаралық философия олимпиадасында алғаш рет марапатқа ие болды

18.05.2026, 09:56 121

14-17 мамыр аралығында Польшаның Варшава қаласында 10-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық философия олимпиадасы өтті, деп хабарлайды «24KZ».

Биылғы білім бәйгесіне әлемнің 50-ден астам елінен 118 оқушы қатысып, философиялық ойлау, сыни талдау және эссе жазу бойынша бақ сынады.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Евгения Шатохина мен «Алматы-Медеу» Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сәкен Заңғар жоғары нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар бұл олимпиада тарихында алғаш рет марапатқа ие болып отыр. Бұл – жас өрендердің философиялық ойлау қабілеті мен білім деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz