RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Негізгі ҰБТ-2026: 41 мыңнан астам тестілеу өткізілді

18.05.2026, 12:54 98

2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) аясында 41 мыңнан астам тестілеу өткізілді, деп хабарлайды «24KZ».

Тестілеу нәтижелеріне сәйкес, талапкерлердің 67%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде, ал 103 талапкер ағылшын тілінде тапсырған.

Бірінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 57%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 58-ді құрады, ал ең жоғары көрсеткіш 138 баллға жетті.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлер үшін арнайы жағдайлар жасалып, ҰБТ-ға 134 талапкер қатысқан.

Тестілеу ережелеріне сәйкес, талапкерлерге тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы беріледі. Техникалық себептер бойынша апелляция тестілеу барысында да қабылданады. Апелляция қаралғаннан кейін сертификаттар талапкерлердің жеке кабинеттерінде қолжетімді болады.

ҰБТ-ның бірінші аптасында 86 ереже бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 46 талапкер тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасағаны үшін тестілеуден шеттетілсе, 40 адам ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған. Өзге адамдардың орнына тест тапсыру фактілері анықталған жоқ.

  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін барлық бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда тест нәтижелері жойылады.

Айта кетейік, биыл 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген, олардың екі мүмкіндікпен қоса есептегенде жалпы өтінім саны 446 мыңнан асқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz