Қазақстанның білім беру заңнамасына сәйкес, дәстүрлі маусымдық ҰБТ емтиханын тапсырмай немесе оның нәтижесіне тәуелді болмай тегін оқуға түсудің бірнеше тетігі қарастырылған:
1. Халықаралық олимпиадалар мен спорттық жетістіктер: Беделді халықаралық ғылыми олимпиадалардың (математика, физика, информатика т.б.) немесе Олимпиада, Азия ойындары мен Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері өз бағыттары бойынша ЖОО-ларға конкурстан тыс, тікелей грантқа қабылданады.
2. Шетелдік сертификаттарды конвертациялау (SAT, ACT, IB): Егер талапкерде халықаралық SAT немесе ACT сертификаттары болса, олардың ұпайлары арнайы шкала бойынша ҰБТ балына автоматты түрде ауыстырылады. Яғни, түлек ҰБТ залына кірмей-ақ, өз сертификатымен грант конкурсына қатыса алады.
3. Шетелдегі қандастар квотасы: Этникалық қазақтар үшін арнайы 4%-дық квота бар. Олар ҰБТ-дан босатылып, ЖОО-лардың ішкі әңгімелесуі немесе емтихандары арқылы грант иегері атана алады.
4. «Қазақстан халқына» қорының қолдауы: ҰБТ-дан тек шекті балл жинап, мемлекеттік грантқа іліне алмай қалған әлеуметтік осал топтағы (жетім балалар, аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар жастар) балаларға бұл қор жыл сайын жүздеген атаулы гранттар бөледі.
Биылғы жылдың басты тренді -мтанымалдылықтың артынан ермей, нақты есепке сүйену. Талапкерлерге тек «сәнді» мамандықтарды ғана емес, мемлекет көп қолдау көрсетіп отырған IT, инженерия және жаратылыстану бағыттарын таңдау ұсынылады. Төрт мамандықты таңдау кезінде кем дегенде екеуін гранты көп салаларға қалдыру - тегін білім алу мүмкіндігін бірнеше есеге арттырмақ.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz