Қазақстанда авиация саласына кадр даярлау жүйесін жаңғырту және білікті мамандар санын арттыру мақсатында халықаралық стандарттарға сай жаңа авиациялық оқу орталығын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Үкімет басшысының айтуынша, саланың табысты дамуы үшін білікті мамандар қатарын айтарлықтай ұлғайту қажет.
«Саланы табысты қылу үшін білікті мамандар қатарын айтарлықтай ұлғайту қажет. Ғылым және Жоғары білім министрлігі, Көлік министрлігімен бірлесіп, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін авиациялық оқу орталығын құру бойынша шаралар қабылдасын», — деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Азаматтық авиация академиясын жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық талаптарға сай сертификатталған мамандар даярлау міндеті қойылды.
Бұдан бөлек, шағын және өңірлік авиация үшін кадр даярлау ісінде қолданыстағы оқу орталықтарын тиімді пайдалану қажеттігі атап өтілді.
Тегтер #авиация #Бектенов #ЖООPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz