RU
Толық нұсқаға өту

ҰБТ: Түркістанда бір сыныптағы екі оқушы үздік нәтиже көрсетті

19.05.2026, 20:00 153

Түркістанда бір сыныптың екі оқушысы ұлттық бірыңғай тестілеуде үздік нәтиже көрсетті. 

Олар 140 балл жинап, бірдей бейінді пәндерді таңдаған. Оған қоса болашақ мамандықтары да ұқсас.

Айсұлтан Жаңбырбай бұл мектептке былтыр Шымкенттен ауысып келген. Ал Жасұр Нышанбаев Түркістанның тумасы. Екеуі де оқу озаты. Бір жатақханада тұрады. Негізгі тестілеуге бірге дайындалып, қосымша пән ретінде дүние жүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдаған. 

Айсұлтан Жаңбырбай, оқушы:

- ҰБТ-ға кіргенде дәл мен оқыған тақырыптар, мен оқыған сұрақтар келді. 140 балл алатынымды білдім. Сондықтан мен қатты қуана қойған жоқпын. Өзімді информатика жағынан дамытқым келеді. Себебі қазір біздің Қазақстан ақпараттық мемлекет болып келе жатыр. Мен ақпараттық жағынан өз үлесімді қосқым келеді. 

Жасұр Нышанбаев, оқушы:

- Аударма ісі және дипломатияға түскім келеді. Айсұлтан айтқандай, мен де Вусонг университетін ойлап отырмын. Бұл техникалық жақ қой, өзімді жаңа бағытта көріп, сынағым келеді. Ал ағылшын тілі менің ойымша, қосымша құрал болуы керек. Мен бакалаврды Қазақстанда аяқтап, басқа мемлекетке барып астрофизикаға түсіп, осы саланы көркейткім келеді Қазақстанда. 

Қос түлекті тестілеуге дүние жүзі тарихы пәнінің мұғалімі Самандар Әшірбеков дайындаған. Шәкірттері әр тест сайын нәтижелерін жақсартып отырған. Кітап оқып, дайындықты ойын түрінде жүргізген. 

Самандар Әшірбеков, дүние жүзі тарихы пәнінің мұғалімі:

- Тек қана кітапты жаттай беріп, 140 балл алу мүмкін емес. Жалпы адамда логика болу керек. Біздің сыныпта ойнайтын ойындарымыз тұлғалар туралы болады. Әртүрлі тарихи суреттер туралы болады. Өте жақсы дайындалық. Негізі мен күттім. Жинай алатын шығар. Бірақ 1-2 сұрақтан кетіп қалса, қалай болады деген сияқты әртүрлі сезімдер болады. 140 деп шыққан кезде әлемде менен асқан бақытты адам болмады. Өте қатты қуандым. 

"Бұл нәтиже тек екі оқушының емес, ата-аналарының сенімі мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің жемісі", - дейді сынып жетекшісі. 

Әсел Асылжанқызы, сынып жетекшісі:

- Екеуінде де бір қасиет бар. Екеуінің адамгершілік, мейірімділік қасиеті өте жоғары. Бұлардың басты мақсаты - оқи берді, оқи берді. Артық ештеңге көңіл бөлген жоқ. Қанша сабақ оқыса да қасындағы сыныптастарын ұмытқан жоқ. Көмек сұраса олар өздерінің уақыттарын бөліп, соларға көмектесіп, үйретіп, үнемі даму үстінде болды.  

Ұлттық бірыңғай тестілеуде осы сыныптың барлық оқушысы жоғары нәтиже көрсеткен. Екеуі 140 балл жинаса, тағы бір түлек 139 сұрақтың жауабын дұрыс тапқан. Ал ең төменгі көрсеткіш - 124 балл. 

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz