Елдегі мектептерде Beyim.ai пилоттық жобасы жүзеге асып жатыр.
Оқыту платформасы әзірге 29 білім ұясында бар. Бүгінде оған 1800-ге жуық қолданушы тіркелген. Оның көмегімен оқушылардың білім деңгейі, қабілеті және қызығушылығын анықтауға болады. Осылайша сандық технологияның арқасында әр балаға жеке білім беру тәсілі жасалады. Бұл Назарбаев Зияткерлік мектептері сарапшылары мен Arizona State University мамандары еңбегі. Платоформаның мұғалімдер үшін де көмегі зор. Атап айтсақ, сабақ жоспарын әзірлеу, жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру сынды қызметтерді қоса атқарады. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде AI-көмекшілерді пайдалану арқылы жүзеге асады.
Тегтер #пилоттық жоба #мектеп #beyim AI #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz