RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынды

20.05.2026, 09:47 175

Қазақстанда мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залдары мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды «24KZ».   

Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығына сәйкес салтанатты іс-шараларды білім беру ұйымдарынан тыс жерде өткізуге рұқсат жоқ.

Сонымен қатар ата-аналардан және білім алушылардан салтанатты іс-шараларға байланысты ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Аттестаттар мен дипломдарды салтанатты тапсыру рәсімі тек мектеп қабырғасында ұйымдастырылады.

Министрлік бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, биыл ел бойынша 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Ал 25 мамыр күні барлық мектепте «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz