Енді талапкерлер дайындық бағдарламасынан өтпей, бакалавриатқа тікелей түсе алады.
Дегенмен, әр жоғары оқу орны өз қабылдау талаптарын белгілейді. Яғни ең төменгі өту балы, ішкі емтихан, сұхбат немесе портфолио тапсыру сияқты қосымша шарттар болуы мүмкін. Ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламаларға түсу үшін IELTS, TOEFL немесе соған тең халықаралық сертификат арқылы тіл деңгейін растау талап етіледі. Мамандардың айтуынша, ҰБТ-ның мойындалуы Қазақстан білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарға сай екенін көрсетіп, қазақстандық студенттер үшін Малайзияда білім алу мүмкіндігін арттырады.
Баян Нишан, Малайзиядағы Қазақстан диаспорасының жетекшісі:
- Кейінгі екі жыл бойы біз Қазақстан Республикасының елшілігімен бірлесіп, Малайзияның Жоғары білім министрлігі мен Malaysia Qualifications Agency тарапынан ҰБТ-ны мойындау мәселесін талқылап келеміз. Алайда нақты шекті балл әлі белгіленбеген, сондай-ақ ортақ талаптар да бекітілмеген. Осыған байланысты қазіргі жағдайды ескере отырып, біз заңгерлермен бірге университеттерге арналған ұсынымдық түсіндірмелер әзірледік. Бұл құжаттар Малайзиядағы жоғары оқу орындарына ҰБТ нәтижелерін бағалау тәртібін түсіндіруге және дұрыс қолдануға көмектеседі.
Тегтер #ҰБТ #Қазақстан #Малайзия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz