RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Депутат: ҰБТ-ға дайындық мектептегі білім сапасына кері әсер етіп отыр

26.05.2026, 10:52 40

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов мектептердегі білім сапасына ҰБТ-ға шамадан тыс дайындық кері әсер етіп отырғанын айтты. Оның сөзінше, соңғы жылдары оқушылар тест жаттауға бейімделіп кеткен. Бұл туралы ол «Қоғам пікірі» бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ»

Депутаттың айтуынша, қазір түрлі жекеменшік білім беру орталықтары мен платформалар оқушыларды қысқа мерзімде тест тапсыруға дайындап, жоғары нәтиже көрсетуге үйретіп жатыр. Соның салдарынан ата-аналар арасында мектептегі 11 жылдық білімнің тиімділігіне қатысты күмән қалыптаса бастаған.

Ерболат Саурықов, Парламент Мәжілісінің депутаты:


Жаттандылыққа үйреніп кетті балалар. Қазір бірнеше жекеменшік білім беру ұйымдары пайда болды. Сол жерде дайындалған балалар 11 жыл мектептен алған білімнен гөрі, соңғы бір-екі жылда ақша төлеп оқып, тест тапсырып, грант алып кетіп жатыр. Сонда қоғамда «баламды 11 жыл мектепте не үшін оқыттым?» деген ой туындайды. Олар тек қана тесті жаттанды түрде үйретіп жатыр.


Депутаттың пікірінше, оқушылар 9-10 сыныптан бастап тек грант пен балл жинауға басымдық береді. Соның кесірінен шығарма жазу, эссе, диктант секілді білім дағдылары кейінге ысырылып қалады.


Кейбір мектептер қажет болса 10-11 сыныптың бағдарламасын ысырып қойып отыр. Барлығына топырақ шашпаймын, бірақ тек ҰБТ-ның соңында кетіп жатыр. Бұл дұрыс емес. Сондықтан аралас форматты енгізу керек. Бірақ оны бірден енгізе алмаймыз, - деді, депутат

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz