RU
Толық нұсқаға өту

Алдағы оқу жылына 89 457 грант бөлінді

26.05.2026, 13:17 28

Алдағы оқу жылына Үкімет 90 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бакалавриатқа – 75 мың, магистратураға – 11 мың, ал докторантураға – 3 мың грант беріледі. Бұл ел экономикасының 2030 жылға дейінгі қажеттілік болжамымен сәйкестендірілген. Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бағытталған. Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындары «Серпін» бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 13 мыңнан астам оқушы, 2 мыңға жуық ата-ана және 700-ден астам кәсіптік бағдар беруші қамтылған. Осылайша, оқушының кәсіби диагностикасынан бастап білім беру бағдарламасын таңдауға және одан әрі жұмысқа орналасуға дейінгі білім беру навигациясының біртұтас жүйесі қалыптасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz