RU
Толық нұсқаға өту

Елде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға 240 мыңға жуық талапкер өтініш берді

26.05.2026, 15:23 32

Оның 200 мыңы биылғы түлектер болса, қалғаны колледж бітірушілері мен мектепті өткен жылы тәмамдаған түлектер.

Ғылым және жоғары білім министрінің сөзінше, биыл 215 мыңнан астам бала мектеп бітірді. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге барлық мүдделі мемлекеттік органдар жұмылдырылып, еліміздің барлық аймағында жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, жоғары оқу орындары мен білім басқармаларының қатысуымен мемлекеттік комиссиялар құрылған. Тестілеу 10 мамырдан 10 шілдеге дейін жалғасады. Бұл ретте биылғы форматы еш өзгеріске ұшырамайды. Сондықтан талапкерлер тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттар конкурсына қатыса алады. Тестілеу аяқталғаннан кейін қатысушылар дұрыс және бұрыс жауаптар туралы ақпаратты және нәтижелердің толық талдауын ала алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz