RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

27.05.2026, 15:05 38

Бүгін елордада  1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды «24KZ»

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 27 мамырдан бастап елордадағы барлық білім беру ұйымдары  бірінші сыныпқа қабылдау жүргізіп жатыр.

Құжаттарды офлайн және онлайн форматта тапсыруға болады. Онлайн қабылдау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар платформада туындаған жекелеген техникалық ақауларға байланысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқаны да хабарланды.

1-сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

– ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
– №065/у медициналық анықтамасы;
– №052-2/у денсаулық паспорты;
– 3×4 көлеміндегі екі фотосурет.

Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz