RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Мұғалімдер оқушылар үшін тек жұмыс уақытында ғана жауапты болады

28.05.2026, 16:31 21

Қазақстандық педагогтар бұдан былай оқушылар үшін тек өздерінің жұмыс уақытында ғана жауапты болады. Сенат мұғалім мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты маңызды заңды мақұлдады. Жаңа заңнамалық өзгерістер педагогтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған. Осы ретте, педагог пен білім беру ұйымының басшылығы білім алушылар үшін тек кәсіби қызметін жүзеге асыру және лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде ғана жауапты болатыны туралы норма нақты бекітілді, деп хабарлайды «24KZ»

Сонымен қатар, мұғалімдерді артық қағазбастылықтан қорғау шаралары да күшейтілді. Енді мұғалімдерден білім беру саласындағы заңнамада көзделмеген есептер мен ақпараттарды талап етуге ресми түрде тыйым салынады. Ал құжаттарды бір уақытта әрі қағаз жүзінде, әрі электронды нұсқада қатар жүргізуді талап еткен басшылар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Жаңа заң аясында мектептердегі гаджеттерді пайдалану мәселесі де ретке келтірілмек. Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде оқушылардың ұялы телефондарды пайдалану ережелерін бекіту құзыреті берілді. Бекітілген ережелерге сәйкес, сабақ кезінде мобильді құрылғылар міндетті түрде дыбыссыз режимде болуы тиіс және оларды мұғалімнің рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Бақылау жұмыстары мен емтихандар кезінде телефондарды қолдануға толықтай тыйым салынады, тек мұғалімнің шешімімен ғана жекелеген ерекше жағдайларға рұқсат берілуі мүмкін. Смартфондарды тек оқу мақсатында - цифрлық платформалармен, жобалармен және оқу тапсырмаларымен жұмыс істеу үшін ғана қолдануға рұқсат етіледі. Тұтастай алғанда, бұл өзгерістер мұғалімдерді артық жүктемеден босатып, сабақ уақытындағы тәртіпті күшейтуге септігін тигізеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz