RU
Толық нұсқаға өту

«Сириус-Қазақстан» жобасы  қолға алынды

28.05.2026, 21:22 40

Қазақстанда дарынды балаларды ерте анықтауға бағытталған «Сириус Казақстан» жобасы қолға алынды.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес іске асып жатыр. Бастама білім беру сапасын және қазақстандық оқушылардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жобаның мақсаты талантты ерте анықтау және оны ғылым, технология және жобалық іс-әрекет бойынша тереңдетілген бағдарламалар арқылы бір-ізділікпен дамыту. «Сириус-Қазақстан» жобасы елдегі дарынды мектеп оқушыларын қолдаудың тұрақты экожүйесін қалыптастырады. Оқу процесі интеграцияланған білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асатын болады.

Қаныбек Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы:

- Негізгі басымдық математикаға, жаратылыстану ғыылмдарына, инженерия, сондай-ақ жасанды интеллект, робототехникаға, жобалық зерттеу бағыттарына берілмек. Cонымен қатар ұлттық мазмұнды міндетті түрде енгізетін боламыз. Оқу бағдарламасына домбыра, ұлдттық өнер,  ұлттық спорт курстары, сондай-ақ адал азамат бүртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz