Оқушыға АҚШ, Еуропа және Азияның беделді жоғарғы оқу орындары білім грантын ұсынып, арнайы қолдау көрсетуге дайын.
Мамандандырылған мектеп-интернаттың түлегі халықаралық хакатондар мен пәндік олимпиадаларда топ жарып, білімге деген құштарлығын дәлелдеген.
Дастан Рақыманбердінің жетістігі әлемнің беделді жоғары оқу орындарының таңдайын қақтырды. Ол бесінші сыныптан бастап ізденіс жолына түскен. Республикалық астрофизика олимпиадасында І орын, халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» байқауында ІІІ орын, елімізде тұңғыш өткен қаржылық сауаттылық олимпиадасында ІІ орынды жеңіп алған білімпаз жеткіншек. Ендігі мұраты Қытайда өз білімін жетілдіру.
Дастан Рақыманберді, № 2 мамандандырылған мектеп-интернат түлегі:
- Қазіргі таңда 12 мемлекеттен 117 шақырту болды және де олардың ішінен Гонконгтағы политехникалық университетті таңдап отырмын. скл. университеттің мықты деңгейі және де Гонгконг басқа елдерге қарағанда жақсы дамыған. Екі мамандықты бірдей меңгеретіндей оқу бағдарламаны таңдадым «Механика инженеринг» пен «Aerospace Engineer».
Ұстаздарының айтуынша, Дастан - IT салада ерекше алғырлығымен көзге түсіп жүрген оқушының бірі. Олар оның халықаралық және республикалық хакатонда бірнеше рет топ жарып, жеңімпаз атанғанын айтады. Америка Құрама Штаттарындағы NASA агенттігі ұйымдастырған білім сайысында қазақстандық оқушының жоғары нәтижеге қол жеткізгенін мақтанышпен есіне алды.
Райхан Қалжан, математика пәнінің мұғалімі:
- Ол математикадан бөлек физика және информатика олимпиадаларына да қатысып жүрді, жан жақты бала. Тек бір пәнмен ғана шектеліп қоймай, физикадан халықаралық жобаларға қатысты. Ата-анасының қолдауы және оқушының бойындағы талантқа да қарау керек деп ойлаймын. Себебі математикалық білім екінің біріне беріле қоймайды.
Сапарғали Сауранбаев, мектеп-интернат директоры:
- Биылғы оқу жылын біз 547 баламен аяқтадық. 134 түлек мектепті бітіргелі отыр. Солардың ішінде 19-ы «Алтын белгіге», 18-і үздік атестатқа үміткер. Биылғы оқу жылында халықаралық деңгейдегі жарыстарда орын алдық. Дубай қаласында роботехникадан өткен жарыста 1 орынды иелендік. Ал республика бойынша скл. бес жүлделі орынды иелендік.
Дастан Рақыманберді қоғамдық іс-шараларда да белсенділігімен көзге түсіп жүр. Жас дарын соңғы уақытта қырықтан астам волонтерлік жұмыстарға белсене атсалысқан. Бір айта кетерлігі, биыл Шымкентте мектеп бітірген 50-ге жуық түлекке әлем елдері университеттерінен шақырту келіп отыр.
Талғат Исламұлы, Катерина Попкова, Нұрмахан Мусатов
Тегтер #Шымкент #жоғарғы білім #АҚШ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz