Қазақстан әлемдік жоғары білім беру саласында жаңа белеске көтерілді.
Бұл туралы Алматыда алғаш рет өткен Халықаралық университет президенттері қауымдастығының өңірлік конференциясында айтылды. Жиынға 15 елден 100-ден астам жоғары білім ордаларының басшылары қатысты. Олар «Халықаралық стандарттар және нәтижеге бағдарланған университеттер болашағы» тақырыбын қозғады. Білім саласындағы жаңа технологияларды талқылады. Сондай-ақ, шетелдік сарапшылар университеттердің экономикаға әсері мен адами капиталды дамытуға қосатын үлесі туралы пікір білдірді. Форум халықаралық университеттер арасында ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға бағытталған. Қазір қауымдастыққа 120-дан астам елдің университет басшылары кіреді.
Сабур Хан, университет ректоры /Бангладеш/:
- Қазақстан экономика жағынан Орталық Азияда тез дамып жатқан мемлекеттердің бірі. Менің ойымша, қазір жоғары білім беру технологияларын зерттеуге қолайлы уақыт. Ең маңыздысы заманауи технологиялар. Жасанды интеллект Қазақстанда жақсы дамып келеді.
Асылбек Қожахметов, университет президенті:
- Жасанды интеллект тақырыбы біздің конференциядағы әрбір баяндамада қозғалады. Ол өте өзекті әрі маңызды мәселе. Бір жағынан, жасанды интеллект көптеген саланың дамуына септігін тигізуде. Сондай-ақ, білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер ашуда.
Тегтер #жасанды интеллект жылы #университет #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz