RU
Толық нұсқаға өту

Электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 млн-нан асты

19.06.2026, 14:06 33

Бүгінгі таңда қорда 2 506 цифрлық көшірме енгізіліп, 437 құжат өңдеуден өткізілген. 

Жалпы онда 86 315 құжат бар. Оның ішінде цифрландырылған 10 мыңнан астам қолжазба мен сирек кітап сақталған. Электронды кітапхана қызметін әлемнің 122-ден астам елінің оқырмандары пайдаланады. Порталға Қазақстан, Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Германия, Франция және Қырғызстан тұрғындары ерекше қызығушылық танытып отыр. Жазбалар әлемнің 70 тілінде ұсынылған. Бастама тікелей Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында әзірленген. Қазір Мәдениет және ақпарат министрлігі кітапхана саласын жаңғырту, кітап оқуды кеңінен насихаттау және халықтың білім мен ақпаратқа қолжетімділігін арттыру бағытында кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Бұл ретте саланы цифрландыруға ерекше мән беріліп отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz