RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да 111 мың бала жазғы демалыспен қамтылады

20.06.2026, 09:33 36

Батыс Қазақстан облысында жазғы демалыс уақытында жүз мыңнан астам оқушы түрлі сауықтыру шараларымен қамтылады.

Оқушылар үшін 500-ден астам демалыс алаңы жасақталды. Мектеп жанындағы лагерьлерден бөлек қала сыртында бірнеше демалыс орыны жұмыс істеп тұр.

Шаған өзені жағалауындағы мына демалыс орнын екі жыл бұрын тасқын су басып қалған. Қабырғасы сөгіліп, жарамсыз күйге түскен еді. 

Күрделі жөндеуден соң демалыс орыны балаларға есігін қайта ашты. Ғимараттың іші-сырты түгел жөнделіп, айналасы абаттандырылды. Жаңарту жұмыстарына шамамен 700 млн теңге жұмсалды. Қазір мұнда Орал мен Атыраудан келген 90 бала жазғы демалысын өткізіп жатыр. 

Гүлсім Усағалиева, балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Кішкене кешігіп бастап жатқанымыз Евразия туристік кешені 2025 жылы үлкен күрделі жөндеуден өткен болатын. Соған байланысты 10 маусымға бірінші ауысымды қойып өткізіп жатырмыз. Жоспарланып жатқан ауысым алты ауысым осы жылға. Сол алты ауысымды сәтті, қауіпсіз өткіземіз деген ойдамыз. 

Ал Самал ауданындағы лагерьде бәрі басқаша. Мұнда ғимараттың орнына далалық шатыр тігілген. Балалар осында ұйықтап, таза ауада демалады. Қазір далалық лагерьде 130 оқушы бар. 

Жәния Асқарқызы, оқушы:

-  Бұл 5 күндік лагерь. Бұл төртінші күніміз. Бұл төрт күнде мен жаңа достар, күшті өз уақытымды өткіздім. Мұнда өте күшті тамақтар береді. Күнде бізде дискотека болады кештерде, билейміз, ал, іс-шаралар өтеді соған қатысып тұрамыз. Мұнда волейбол, футбол бәрі болады.

Гүлбаһрам Меңдібай, оқушы: 

- Біз осы палаткаларда ұйықтаймыз. Балаларда бөлек, қыздарда бөлек. Бізде әр палатканың ішінде кроваттар бар. Сол кроваттарда ұйықтаймыз. Таңғы жетілерде тұрып жаттығу жасаймыз. Тәтті тамақтар береді. Және біздің өзіміздің расписаниеміз бар. Сол бойынша неше түрлі қызықтар болады. Сомен өткіземіз уақытымызды.  

Оқушылар табиғат аясында демалып қана қоймай, түрлі танымдық бағдарламаларға қатысады. Өңірдің көрікті жерлерімен танысып, мұражай мен хайуанаттар бағына экскурсияға барады. Демалыс лагерінде күніне бес мезгіл ыстық тамақ беріледі. 

Ақмарал Көркембаева, әдіскер:

- Жеті ауысымда өтеді. Жеті ауысымда мың жарым бала қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда бірінші ауысым жүріп жатыр. Мұнда 190 бала қамтылды. Он күннің ішінде балалар спорттық бағдарлау, спорттық жарыстар, түрлі конкурстар, жасанды интелект бойынша жоба сол бойынша, робототехника бойынша үйренеді.  

Осы жазда Батыс Қазақстан облысында оқушылар үшін 16 қала сыртындағы және 7 далалық лагерь ұйымдастырылды. Бұдан бөлек 500-ден астам мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейді. Құрылымы жағынан әр түрлі болғанымен мақсаты бір – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру.

Фарида Сүлейменова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Бірінші кезекте осы аз қамтылған, көп балалы категория балалары олар бірінші кезеңде қамтылады. Содан кейін  қалған балалардың бәрі өздерінің қалауымен лагерьлермен қамтылатын болады. Биыл бізде жазда цифрлық сауаттылыққа көп көңіл бөліп отырқ. Оқушылар бізде лагерьлердегі 90 мыңнан 106 мыңға дейін 10 күн. Бұл енді бағасы 106 мыңның лагерьлерінде экскурсиялар көп қарастырылған.

Биыл облыста барлығы 111 мың оқушы жазғы каникулды қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде өткізеді. 

Елдос Кәкенов, Альбина Кумаргалиева, Калыбек Акрап, Эльдар Аюпов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz