RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда жас математиктердің жарысы өтіп жатыр

20.06.2026, 22:00 40

Оған мың жарымға тарта оқушы қатысып отыр. «Олимпиадалық академия» – бастауыш сынып оқушыларының математикалық және логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған республикалық жоба. 

Финалдық кезеңде қатысушылар математикалық есептерді шығару шеберлігімен қатар бірлесіп жұмыс істеу, талдау жасау және ортақ шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Оған қоса, жас өрендердің білімі жекелей және командалық есептер арқылы сыналып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба оқушыларды тек олимпиадаларға дайындаумен шектелмейді. Оның негізгі міндеті – балалардың математикалық мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және ғылым мен технологияға қызығушылығын ерте жастан қолдауды көздейді.

Ырысбек Мәуіт, «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталықтары мен мектептері желісінің негізін қалаушы:

- Біріншіден, бала өзінің кішкентай кезінен бастап 3-4 ші сыныптан бастап психологиялық дайындығы болып жатыр. Екіншіден, жеңу-жеңілу дегенді түсініп жатыр. Үшіншіден, логикасы қалыптасып жатыр. Төртіншіден, шешім жасауды қазірден бастап отыр. Сондықтан балаларға беріп жатқан нәрсесі өте көп деп ойлаймыз. Былайша айтқанда, қазір біз болашақ көшбасшыларды дайындап жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz