RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысаны салынды

26.06.2026, 10:21 58

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық жобаларды жүзеге асыру нәтижесін баяндады, деп хабарлайды «24KZ».

«Ұлттық жобалар аясында 198 мектептің және 655 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды. 10 мыңнан астам студенттер үшін 30 жатақхана пайдалануға берілді. 7,5 мың колледж студенті, 23,6 мың жоғарғы оқу орындары студент–магистранттары мен докторанттары, жатақханамен қамтамасыз етілді», — деді министр.

Сондай-ақ ол 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталғанын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілгенін айтты. Ал Astana Hub экожүйесінде 2,2 мыңнан астам компания тіркелген.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz