RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

ҰБТ ережелерін бұзған 715 талапкер анықталды

29.06.2026, 17:18 46

2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында 715 заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды «24KZ».

Соның ішінде 422 талапкер тыйым салынған заттарды (смартфон, смарт көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка және т.б.) алып кіруге әрекет жасағаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 286 адам тестілеу кезінде ереже бұзып, аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Бейнежазбаларды тексеру нәтижесінде 7 талапкердің нәтижесі жойылды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тестілеу аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнебақылау жазбалары толық талданады. Ереже бұзу фактілері анықталса, ҰБТ нәтижелері жойылуы мүмкін.

Сонымен қатар, тестілеуге қатысуға 240 мыңға жуық талапкер екі мүмкіндікпен бірге 446 мыңнан астам өтініш берген.

Жетінші аптаның қорытындысы бойынша 340 мыңға жуық тест тапсырылып, талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинаған. Орташа балл – 66, ең жоғары нәтиже – 140 балл.

Талапкерлер тест тапсырмалары бойынша апелляцияны тестілеуден кейін 30 минут ішінде бере алады. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz