RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда «Almaty TechnoCup XII» халықаралық чемпионаты басталды

30.06.2026, 21:45 31

Алматыда дәстүрлі «Almaty TechnoCup XII» халықаралық чемпионаты басталды.

Екі күнге созылатын сайыста мектеп оқушылары мен жасөспірімдер робототехника, инновациялық технологиялар және бағдарламалау бойынша сынға түседі. Жастардың кезекті білім мен өнертапқыштық додасы.

Атаулы байқау биыл он екінші рет өтіп жатыр. Алматы қаласы әкімінің кубогына арналған ауқымды додаға еліміздің барлық өңірлері мен Орталық Азияның көршілес мемлекеттерінен үш мыңға жуық қатысушы тіркелген. Екі күнге созылатын жарыста жалпы саны 400-ге жуық команда қатысады.

Гүлнұр Кәрімқажы, "Алматы дарыны" орталығының директоры:

- Чемпионаттың негізгі мақсаты бұл оқушыларды кішкентай кезінен робототехникаға, инженерлік бағытқа дамыту. Чемпионат Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы мен өтіп жатыр.Алматы қаласы әкімдігінің кубогіне иегерлерді ертеңгі күні анықтайтын боламыз.

Жарысқа 6 мен 18 жас аралығындағы балалар қатысуда. Биыл өнерпаздар он төрт бағыт бойынша бақ сынайды. Олардың қатарында жасанды интеллект, ғарыштық технологиялар, лего құрастыру, дрондар жарысы және заманауи инженерия салалары бар.

Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Бүгін керемет байқау өтіп жатыр «Almaty TechnoCup» бұл біз үшін керемет іс-шара. Біз қорғаныс министрлігі осы жерде өзінің болашақ инженерлерін іріктеп алады. Қорғаныс саласында жұмыс істейтін инженерлерді осы жерде көре алады.

Досан Дәулет, чемпионатқа қатысушы:

- Біз өзіміздің проектіні алып келдік, яғни Арчилаб. Біздің проект археологтардың, реставраторлардың уақыттарын үнемдеуге және олардың жұмыстарын жеңілдетуге көмектеседі. Артефактты сканерлеп оны анализ жасайды және сол туралы ақпарат айтып береді.

Сайыстың жүлде қоры үш миллион теңге. Ал үздік атанған қатысушылар бағалы сыйлықтар мен жетекші жоғары оқу орындарының грантына ие болады. Сондай-ақ жеңімпаздар ұлттық құрама сапына еніп,  халықаралық «FIRST Robotics» жарысында өнер көрсетеді.

Бекзат Үшкемпір, Валентин Лобанов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz