RU
Толық нұсқаға өту

Биыл ел бойынша 90 мыңға жуық білім гранты бөлінеді

02.07.2026, 08:22 38

Оның басым бөлігі мектеп түлектеріне, қалғаны магистратура мен докторантураға үлестіріледі.

 Қазір жоғарғы оқу орындары шығармашылық және арнайы мамандықтарға емтихан қабылдап жатыр.

Шапағат Құдайберген биыл Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ысқақ Ыбыраев ауылының орта мектебін тәмәмдады. Жас түлек болашақ өмірін ұстаздық жолмен жалғастырғысы келеді. Ол Петропавлда химия-биология пәнінің мұғаліміне емтихан тапсырды.

Шапағат Құдайберген, талапкер:

- Міне үлкен өмірге алғаш қадам басып отырмыз. Алда қандай қызық, қандай белестер барын білмейміз. Бірақ сол алдағы қиындықтардан барынша өтуге тырысамыз. Балалармен жұмыс істеген ұнайды. Және де өзімнің арманым - сынып жетекшісі болып, балалармен бір волнада болған ұнайды.

Петропавлдағы жергілікті университет жас түлектерге 120 оқу бағдарламасын ұсынады. Оның ішінде қосдипломды оқыту жүйесі бойынша бизнес және менеджмент, маркетинг және нарықтық аналитика мамандықтары ашылды.

Айгүл Нұрпейісова, университет басқармасының мүшесі:

- Айта кететін жәйт, 13 мен 20 шілденің аралығында білім беру гарнттарының конкурсына өтініштерді қабылдаймыз. Құжаттарды тапсыруға екі тәсілмен болады. Онлайн және офлайн. Онлайн ол “Egov”порталы арқылы тапсыруға болады. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл биылғы оқу гранттары елдің 2030 жылға дейінгі экономикалық сұранысына байланысты бөлінген. Сондықтан негізгі басымдық технология, инженерия, білім беру және өнеркәсіп салаларына берілді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қзабеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz