RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды

03.07.2026, 11:41 50

Бүгін докторантураға түсу емтиханына  қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды «24KZ».

Түсу емтиханы 4–20 тамыз аралығында өтеді. Өтініштер ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Үміткерлер тек бір жоғары оқу орнын және бір білім беру бағдарламалары тобын таңдай алады. Өтінішке енгізілген деректерді (тестілеу қаласы, бағдарлама тобы, тіл) 3 тамызға дейін өзгертуге немесе жоюға болады.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 9 тамызда талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Емтихан үш бөліктен тұрады: әңгімелесу, эссе және бейіні бойынша тест. Ең жоғары балл – 100. Оның ішінде әңгімелесу – 30 балл, эссе – 20 балл, бейіндік тест – 50 балл.

Мемлекеттік грант және ақылы негізде оқуға түсу үшін шекті балл – 75.

Докторантураға түсу үшін мемлекеттік тілді (ҚАЗТЕСТ) және шет тілін (В1 деңгейінен төмен емес) меңгергенін растайтын сертификат қажет. Кейбір педагогикалық мамандықтар бойынша шет тілі сертификаты талап етілмейді.

TOEFL ITP сертификаты бар талапкерлер ағылшын тілі бойынша қосымша тестілеуден өтеді.

2026 жылдан бастап құжаттар тізбесіне ғылыми жоба (Research Proposal), ғылыми жарияланымдар тізімі, зерттеу жоспары және эссе енгізілген.

Сонымен қатар бейіні бойынша докторантура бағдарламаларына (PhD, DBA) түсу мүмкіндігі бар. Бұл бағытта эссе жазу талабы жоқ, шет тілі сертификаты бойынша қатаң деңгей талап етілмейді.

Бейіні бойынша бағдарламалар үшін ең жоғары балл – 80, ал шекті балл – 50.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz