RU
Толық нұсқаға өту

Оқушылар ІТ жоба ойлап тапты

04.07.2026, 20:01 31

Ақтаулық оқушылар адамның жүрек қағысын қашықтан бақылайтын құрылғы ойлап тапты. 

«Инстэнт рескью» деп аталатын цифрлық жүйені жасанды интеллект басқарады. Портативті құрал кеудеге жапсырылатын датчик арқылы жұмыс істеп, жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектеседі. 

Ақылды технологияны бір мектепте оқитын үш оқушы ойлап тапты. Дарынды жеткіншектер адамның жүрек соғысын тәулік бойы бақылап, егде жастағы азаматтарға шұғыл медициналық көмек қажеттігін онлайн түрде хабарлайтын құрылғы жасауды ойлаған.

Әбдірахым Мұрат, оқушы:

- Жүрек соғысы мәселесінен қаншама адам қайтыс болатынына байланысты зерттеу өткізгеннен кейін осы мәселе қазіргі кезде өте өзекті екеніне көз жеткіздік. Адам құлаған кезде немесе жүрегі ұстап қалған кезде жедел түрде көмек көрсету. Осыған ұқсас жобалар жоқ қазір.

Азамат Алтынбек, оқушы:

- Қарттардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін біз болашақта өзіміз құрған ЖИ жүйемізді одан әрі датасеттермен оқытатын боламыз. Нарыққа шығару үшін, яғни оны адамдар сатып алуы күшін біз оны кішірейтетін боламыз.

ІТ жоба арнайы web-платформа арқылы жұмыс істейді. Жасанды интеллект датчиктен келіп түскен мәліметті жедел өңдеп, ақау барын байқаса жүйеге алдын ала тіркелген ұялы байланыс арқылы науқастың жақындарына sms-хабарлама жібереді.

Жоламан Саясат, жобаны үйлестіруші:

- Бұл жоба оқушылардың екі салаға деген зор қызығушылығын оятты. Алғашқысы, адам өмірін құтқару. Яғни медицина саласына жаңалық енгізуге ынтасын оятты. Екіншісі, инженерлік қабілетін дамытып, командамен жұмыс істеу дағдыларының ерте жастан қалыптасуына жол ашты деуге болады.

Ойы зерек, қиялы ұшқыр оқушылар авторлық жобасын патенттеуді көздейді. Келешек қарт адамдарға арналған өңірлік әлеуметтік бағдарламалар аясында кең қолданысқа енгізу жоспарында бар. 

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz