Бүгіннен бастап талапкерлер білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініш бере алады. Құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды «24KZ».
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлер өтінішті жоғары оқу орындарының қабылдау орталықтары арқылы офлайн, виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн немесе eGov порталы арқылы тапсыра алады.
Грант конкурсына қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымын аяқтағаны туралы диплом қажет. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша қатысатын талапкерлер тиісті растайтын құжаттарын ұсынуы тиіс.
Білім беру гранттарына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ бойынша мынадай шекті баллдар белгіленген:
Сонымен қатар жоғары оқу орындары білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы оқуға қабылдау үшін өздерінің шекті балдарын белгілеуге құқылы.
Министрлік ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау үшін грант конкурсында мемлекеттік квоталар қарастырылғанын атап өтті.
Биыл да «Цифрлық университет» қағидаты аясында қабылдау үдерістерін автоматтандыру жалғасады. Бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #гранттар #ЖООPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz