RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ОҚК

ҰБТ қорытындысы: талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинады

16.07.2026, 16:58 61

Биыл негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге 233 мыңнан астам талапкер қатысты. Тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Биыл ҰБТ-ға өтініш қабылдау сәуір айында жүргізілді. Тестілеуге қатысқан талапкерлердің шамамен 76%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш 69 балды құрады.

Қатысушылардың басым бөлігі тестілеуді қазақ тілінде тапсырды – 73%. Орыс тілін таңдаған талапкерлер шамамен 27%-ды құраса, 383 адам ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырды.

Биыл да ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы «Математика – Физика» болды. Бұл комбинацияны талапкерлердің 18,2%-ы таңдады. Одан кейін «Биология – Химия» (14,4%) және «Шығармашылық емтихан» (12,4%) комбинациялары орналасқан. Инженерлік-техникалық бағыттарға қызығушылықтың артуы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік білім беру гранттарының басым бөлігі осы салаларға бөлінуімен байланысты, – деді ҚР Ғылым жне жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова.

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Шығармашылық емтиханды таңдамаған талапкерлер бес пән бойынша тест тапсырды. Тестілеудегі ең жоғары көрсеткіш – 140 балл.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz