Биыл Алматыда 4700 орындық 13 жаңа студенттер үйі ашылады.
Жобалардың басым бөлігін жеке инвесторлар жүзеге асырып жатыр. Бұл мегаполистегі жатақхана тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуға бағытталған жұмыстардың бірі. Ал былтыр қалада 4500 жаңа орын пайдалануға берілген болатын.
Қазір Алматыда 220 мыңнан аса студент білім алады. Оның басым бөлігі өзге өңірлерден келген жастар. Сондықтан жатақханаға сұраныс жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда қалада 46 мыңнан аса балаға арналған 136 жатақхана бар. Дегенмен, әлі 5700 орын жетіспейді. Бұл көрсеткіш жыл сайын жоғары оқу орындарына қабылданатын студенттер санына қарай өзгеріп отырады.
Әзиз Қажденбек, қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы:
- Ең басты мәселе бұл қажеттілік дегеніміз дегеніміз студенттер далада қалып қояды деген мәселе емес. Ол қазіргі таңда уақытша шешетін механизмдер бар. Ол гостиница, хостелдар, соларға студенттер жататын болады. Қаланың мақсаты 2030 жылға дейін жиырма мың төсек-орын салып осы қажеттілікті жабу болып табылады.
Осы жылғы жоспар бойынша 4700 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. Соның ішінде 400 орындық студенттер үйі жаз мезгілінде дайын болады. Құрылыстың басым бөлігін жеке инвесторлар жүргізіп жатыр.
Дамир Құтымов, "Студенттік жатақхана құрылысының жобалық кеңсесі" жобасының жетекшісі:
- Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 2023 жылдан бері жобалық офис жұмыс істеп жатыр. Бұл офиста 12 мың төсек-орын дайындауға көмектестік. Негізі мемлекет бағдарламасы бойынша егер инвестор өз ақшасына жатақхана салатын болса мемлекет тарапынан бір адам басына 230 мрп қарастырылған.
Қазір мемлекеттік жоғары оқу орындарының жатақханасында тұру ақысы айына шамамен 20 мың теңгеден басталады. Ал жекеменшік студенттер үйлеріне 50 мың теңгеден жоғары төлеуге тура келеді. Қалада студенттер саны жыл сайын артқанымен жаңа жатақханалар да кезең-кезеңімен пайдалануға беріліп жатыр. Жауаптылардың айтуынша, осы жобалардың нәтижесінде 2030 жылға дейін Алматыдағы жатақхана тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі.
Бекзат Үшкемпір, Айдос Қалиев
Тегтер #Алматы #студенттер үйі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz