RU
Толық нұсқаға өту

Мектептегі психологиялық көмектің сапасын арттыру көзделді

24.07.2026, 19:49 43

Қазақстанда мектептегі психологиялық көмектің сапасын арттыру көзделуде.

Осы орайда биыл қыркүйек айынан бастап ел мектептерінде «психолог сағаты» пайда болады. Мамандар осылайша оқушыға дер кезінде қол ұшын беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматыда өткен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне арналған ведомствоаралық жиында айтылды. Іс-шараға мемлекеттік орган өкілдері, мәслихат депутаттары, құқық қорғаушылар мен педагогтар қатысты. Олар отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін арттыру мәселелерін талқылады. Бүгінде елімізде жеті миллионға жуық кәмелетке толмаған бала бар. Олардың құқығын қорғау мақсатында халықаралық талаптарға сай «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы жүзеге асуда. Жобаға ел қазынасынан 1,5 млрд теңге бөлінді.

Қайрат Бегалин, қалалық мәслихат депутаты:

- Біз жалпы кішкене тереңірек қарасақ, көп жерде жаңағы психологтар аз болып жатады. Мектепте, мысалы, үш мың, екі мың балаға бір психолог. Ол физикалық, моральдық тұрғыдан үлгірмейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz