Таразда су шаруашылығы саласы мамандарын оқытып, қайта даярлайтын Қазақстан-Қытай бірлескен оқу орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды «24KZ».
Жоба су ресурстарын басқару, гидротехникалық нысандар және цифрлық технологиялар бағытында кадр даярлауға бағытталған.
Орталық Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Қытайдың «Үш шатқал» электр энергетикасы кәсіптік колледжі арасындағы меморандум аясында ҚазСШҒЗИ базасында құрылды.
Жаңа оқу алаңында қазақстандық мамандар Қытай тәжірибесіне негізделген заманауи бағдарламалар бойынша білім алады. Оқыту гидротехникалық нысандар салу, су ресурстарын тиімді басқару, цифрландыру және интеллектуалды басқару жүйелерін енгізу бағыттарын қамтиды.
Сонымен қатар орталықта су шаруашылығы кәсіпорындарының қажеттілігіне сай мамандарды қайта даярлау, оқытушылар мен сарапшылар алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланған.
Меморандум аясында білім беру бағдарламаларын әзірлеу, мамандар алмасу және су шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізу бағытында бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті базасында бірлескен колледж құру мәселесі пысықталып жатыр, – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновация департаментінің директоры Марат Иманалиев.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz