RU
Толық нұсқаға өту

Арқалықта қайтарылған активтер есебінен 2,5 мың студентке арналған жаңа оқу корпусы ашылды

17.08.2026, 17:59 36

Арқалық қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің жаңа оқу корпусын реконструкциялау жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды «24KZ». Жоба заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі жұмыстар аясында арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен жүзеге асқан жобаның жалпы құны 1,9 миллиард теңгені құрайды. Бұған дейін ұзақ уақыт бойы өз мақсатымен пайдаланылмай тұрған ғимарат толықтай жаңартылып, заманауи білім ордасына айналдырылды.

Нәтижесінде бұл жерде 2,5 мыңға жуық студенттің сапалы білім алуына және оқытушылардың тиімді жұмыс істеуіне қажетті барлық қолайлы жағдай жасалды. Осы арқылы қайтарылған қаражаттың халықтың игілігіне, әсіресе білім беру саласын дамытуға нақты бағытталғаны көрсетіліп отыр.

Қалалық прокуратура бұл жобаның жүзеге асырылу заңдылығын қатаң қадағалап, бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылауда ұстауда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz