RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

2027 жылы мектептер интернетпен 100 пайыз қамтылады

18.08.2026, 12:41 46

2027 жылы мектептер жоғары жылдамдықты интернетпен 100 пайыз қамтылады, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты.

Бүгінде мектептердің 92 пайызы жылдамдығы жоғары интернетке қосылған. Қазірдің өзінде 1 276 мектепте интернет жылдамдығы 100 Мбит/секундтан жоғары. 2027 жылға қарай олардың санын 3 222, ал орташа жылдамдықты 90 Мбит/секундқа жеткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің міндетіміз — барлық мектепті тұрақты интернетпен қамтамасыз ету және балалардың білім беру ресурстарына кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз ету. 2027 жылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылған мектептердің үлесін 100 пайызға, яғни 8 мың мектепке жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар заманауи қосылу технологияларына көшуді жалғастырамыз, - деді вице-министр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz