Қазақстандық қатерлі ісікке қарсы дәрі 2027 жылы пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды «24KZ».
Қазіргі уақытта препарат пациенттерге клиникалық сынақтардың екінші кезеңінен өтіп жатыр, содан кейін ол тіркеуден өтпек. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
Министрдің сөзінше, сынақтар Астанадағы онкологиялық орталық базасында жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезеңде мамандар препараттың қажетті мөлшерін анықтап, пациенттер ағзасының оның түрлі дозасына реакциясын зерттеп жатыр.
«Қазір пациенттерге нақты дозалауды сынау жүріп жатыр. Биылғы жылдың аяғына дейін осы процедуралардың барлығын аяқтап, дәріні тіркеуге өтінім беруге тырысамыз», - деді Саясат Нұрбек Үкіметте өткен брифингте.
Клиникалық сынақтың екінші кезеңі аяқталғаннан кейін расталған нәтиже сараптамаға жіберіледі. Министр бұдан әрі Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы арқылы препаратты тіркеу процедурасы күтіп тұрғанын түсіндірді. Қазір әзірлеушілер препаратты тіркеу алдындағы соңғы кезеңде тұр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #қатерлі ісік #препарат #клиникалық сынақ #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz