RU
Толық нұсқаға өту

Биыл 133 мың студент колледжге тегін түседі

18.08.2026, 15:09 46

Биыл мемлекеттік грант бойынша 133 мың жас елдегі колледждерге оқуға қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысының 70%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған. Бұны Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Ведомство басшысы келтіргендей, 10 мыңнан астам студент кәсіпорындардың өтінімдері бойынша міндетті жұмысқа орналастыру кепілдігімен оқуға қабылданады. Бүгінде 763 коллеждже 556 мың студент білім алып жатыр. Бүгінде заман талабына сай 500 білім беру бағдарламасы әзірленіп, жаңартылған. Жыл басынан бері шетелдік оқу орындарымен академиялық ұтқырлық, халықаралық салалық аккредиттеу сияқты жан-жақты ынтымақтастықты көздейтін 80-ге жуық меморандумға қойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz