RU
Толық нұсқаға өту

Жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатыр?

20.08.2026, 00:19 28

Алматыда жатақханадан орын жетпеген студенттер

хостел мен қонақүйге орналасады.

Соңғы дерек бойынша 5 мың 700 адамға  жатақханадан орын тимеуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте  жастар саясаты басқармасының басшысы Әзиз Қажденбек айтты. Қаладағы 35 жоғары оқу орнында 221 мың студент білім алады. Соның жартысынан көбі басқа өңірден келген. Соңғы бір жылда мегаполисте орын тапшылығы төрт есе қысқарды. Былтыр бұл көрсеткіш 24 мыңға жуық болған. Қазір барлық жоғары оқу орнының жанында ахуал орталығы жұмыс істеп тұр. Тәулік бойы істейтін колл-орталық бар. Яғни қиын жағдайда қалған студентке қайда жүгіну керектігін түсіндіреді. Келген күні қонатын жер таппай қалса,  дағдарыс орталығына хабарласуға болады. Ол жерге 50 төсек қойылған. Жатақханадан орын алдымен 1 және 2-курс студенттеріне беріледі. Ал жоғарғы курста оқитындарға хостел мен қонақүйлерге орналаса алады.

Әзиз Қажденбек, қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы:

- Олар жатақхана ретінде қызмет етеді. 11 мың төсек орын дайындап отырмыз. Біз оны жатақхана дер санамаймыз. Осы жылы қонақ үй бар. Ендігі жылы болмауы мүмкін. Сондықтан, біз 5 мың 700 тапшылық әлі бар деп айтамыз. Бірақ 5 мың 700 адам далада қалмайды. Ол 5 мың 700 адам адам жаңағы қонақ мен хостелдердың келісім-шарты бойынша өз талабымен орналасатын болады. 

Алматыда жатақхана мәселесі 2030 жылға дейін түбегейлі шешіледі. Осы аралықта 20 мың төсектік жатақхана салынады, деген жоспар бар. Қазір жатақхана мен қонақүй, хостелді қосқанда барлығы 61 мыңнан астам  200 орын дайын тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz