Қызылорда облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 6 мыңға жуық оқушыға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Бұл игі бастамаға өңірдегі ірі кәсіпорындар да белсене атсалысуда. Мәселен, Күкірт қышқылы зауыты биыл 60 отбасыға қолдау білдіріп, 70 бүлдіршінге мерекелік сыйлық үлестіруді жоспарлап отыр. Өндіріс ошағы жыл басынан бері әлеуметтік осал топтағы 100-ден астам тұрғынға демеушілік жасады. Жылына 500 мың тонна өнім беретін бұл зауыт уран өндірісіне қажетті негізгі шикізатты шығарады. Мұнда 280-ге жуық адам тұрақты еңбек етуде. Мұнымен қоса кәсіпорын өзін және өңірдегі бірнеше нысанды электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.
Сәбит Дауылбаев, күкірт қышқылы зауытының директоры:
- Бізде тағы да күкірт қышқылын өндіргеннен бөлек, электр энергиясын да шығарамыз. Бізде жоғары температурада, жоғары давлениеде пар өндіріліп, турбина арқылы электр энергиясын шығарамыз. Электр энергиясы осы бүкіл заводты қамтамасыз етеді — 5 МВт, және де сыртқы, Қызылорда облысының өңіріне 10 МВт-тай электр энергия беруге шамамыз бар.
Тегтер #Мектепке жол #Қызылорда облысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz