Қазақстанда мерзімді әскери қызметін аяқтаған 1 745 азамат ел жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша тегін білім алу құқығына ие болды, деп хабарлайды «24KZ».
Былтырдан бері сәтті жүзеге асырылып жатқан бұл мүмкіндік сарбаздардың запасқа шыққаннан кейін жоғары білім алып, маман атануына жол ашады.

Биылғы грант иегерлері арасында ең танымал бағыттар ретінде Ақпараттық технологиялар (234 адам), орман шаруашылығы (136 адам) және коммуникациялар саласына 134 адам таңдаған.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне 156 грант иегері баруға ниет білдірсе, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 144 сарбаз таңдап көш бастап тұр.

Айта кетейік, үміткерлерді іріктеу «Срочники 2.0» цифрлық жүйесі арқылы автоматты түрде жүзеге асады. Сарбаздың әскери қызмет кезіндегі тәртібі мен жауынгерлік даярлығы негізінде қалыптасатын рейтинг ашықтықты қамтамасыз етіп, адами фактордың әсерін толықтай жояды. Сондай-ақ грант иегерлеріне оқу кезінде шәкіртақы төлеу және жатақханамен қамтамасыз ету басымдығы қарастырылған.
Тегтер #грант #сарбаз #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz