Қазіргі балалар не оқып жүр? Ұлттық құндылық пен баланың қызығушылығын қалай ұштастыруға болады?
Басылым жаңа медианың мүмкіндіктерін қалай пайдалануда? Осы сауалдар Алматыда өткен балалар контентінің бүгіні мен болашағына арналған дөңгелек үстелде талқыланды. Шараға қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысып, пікір бөлісті. Сала мамандарының айтуынша, қазір балалар ақпараттың тасқынында қалды. Сондықтан әлеуметтік желі мен цифрлық платформалардағы контенттің мазмұны мен сапасын ерекше назарда ұстау тиіс. Әсіресе балалардың талғамын бұзатын дүниелерге абай болған жөн. Сонымен қатар кездесуде ұрпақ тәрбиесі, медиасауаттылық, мерзімді басылымдардың бүгінгі жай-күйі сияқты тақырыптар қозғалды.
Бағашар Тұрсынбайұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары:
- Біз арнайы осы қыркүйек айынан бастап эксперимент ретінде үлкен бір жоба бастаймыз. Бұл — ғылыми-танымдық бағыттағы жоба. Яғни балаларымыз «Ақжелкенге», «Балдырғанға» жазылып, оқымайтын болса, барлығы TikTok-та отыратын болса, онда бізді сол жерден көрсін. Оқымаса да, бізді көрсін деген мақсатпен әлеуметтік желіге арналған төрт айлық жоспар әзірлейміз. Жылдың соңында қорытынды жасап, бір шешімге келетін боламыз.
Тегтер #балалар #контент #басылым #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz