RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық оқушылар Бейжіңде топ жарды

20.08.2026, 23:33 31

Қазақстандық оқушылар Бейжіңде өткен халықаралық робототехника жарысында жүлделі орын алды. 

375 команда бақ сынаған додада алматылық топ күміс жүлдеге ие болды. Өнертапқыштар археологиялық жәдігерлерді зерттейтін жобаларын таныстырды. 

Халықаралық жарысқа 375 команда қатысты. Олар бағдарламалау, инженерлік шешімдер және командалық жұмыс бағыттары бойынша сайысқа түсті. Ел намысын қорғаған командалардың үшеуі – күміс, бесеуі – қола жүлдені иеленді. Халықаралық жарыста екінші орын алғандардың бірі – алматылық «KAZBOT» командасы. Олар сайысқа екі ғылыми жоба ұсыныпты.

Айдана Ермек, робототехника пәнінің мұғалімі:

- Негізгі мақсат – біздің балалардың STEM бағытында жұмыс жасауы. Ғылыми жобасы бар, робот ойындары бар. Негізгі құндылығы – ғылыми жобасы және оқушылар жасаған роботтары, артефакттарды сақтайтын сондай робот.

Алматылық команданың жұмысына шетелдік сарапшылар қызығушылық танытыпты. Жобаның жоғары бағалануы да бекер емес. Оқушылар заманауи археологияда пайдаланатын робот жасаған. Оның негізгі мақсаты – археологиялық қазба кезінде табылған жәдігерлерді қауіпсіз зерттеуге көмектесу. Себебі жер астынан табылған көне бұйымдардың бетінде адам денсаулығына зиянды бактериялар болуы ықтимал. Сондықтан робот бұйымдарды арнайы өңдеп, залалсыздандыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жасанды интеллектке негізделген AI Ustion жобасы бар.

Димаш Айтмұрза, №207 жалпы білім беретін мектеп оқушысы:

- AI Ustion жерден табылған сүйекке талдау жасайды. Оның қай жылға тиесілі екенін, қандай жануардың немесе тіршілік иесінің сүйегі екенін анықтап, сол туралы ақпарат береді. FIRST LEGO League бағдарламасы аясында Қазақстанда жыл сайын 150-ден астам жарыс ұйымдастырылады. Оларды USTEM Foundation қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізеді.

Авторлары: Ернұр Рысбай, Әбен Нарымбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz