Ел Президенті Тамыз конференциясында білім беру саласында негізсіз дау-дамайдың көбейгенін сынға алды. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде білім саласына қатысты қызу пікірталастар болып тұрады.
Кейде мұндай тартыстарға білім жүйесінің бұрынғы және қазіргі лауазымды тұлғалары араласып жататыны көзге түседі. Осы орайда, Мемлекет басшысы қазір бос сөз емес, нақты істің дәуірі екенін еске салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Өкінішке қарай, осындай тартыстар білім саласына пайдасын тигізеді деп айту қиын. Өркениетті пікірталастардың орнына айқай-шу мен даңғазаны тыңдап отыруға мәжбүрміз. Тіпті ұстаздар қауымы да ондай пікірталастардың түпкі мәнін түсіне алмай дал болып отыр. Әрине, балалардың болашағы үшін алаңдап, ұтымды ұсыныстар білдіру – бөлек әңгіме. Ал жанашыр болып емес, жақсы атты болу үшін пікір білдіру – басқа мәселе. Өнбейтін дауды қуып, өрісімізді кеңейте алмайтынымыз анық. Қазір бос, бұрыс сөздің уақыты емес, нақты, дұрыс істің дәуірі. Осыны ескерген жөн.
Тегтер #президент #білім беру саласы #дау дамай #сын #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz